RU

Ерке Есмаханның көйлектері тыңдармандарының көңілінен шықпай қалды (фото)

Әлеуметтік желілерде Ерке Есмаханның соңғы киген сахналық көйлектеріне тыңдармандар таңданысын білдіруде. Әншінің өнерін бағалаушылар Еркенің тым ашық киініп жүргенін сөз етуде.

"Даусы да, келбеті де келіскен Еркеге бұлай киінудің қажеті не?", - дейді ғаламтор қолданушылары.

Жанкүйерлер Ерке Есмаханның Төреғали Төреәлімен бірге шырқайтын "Алло" бейнебаянында да әнші бойжеткеннің ашық киінгенін байқаған.

Соңғы кездері омырауы ашық көйлектерге таңдауы түскен Еркенің бұл қалауын тыңдармандар әрқалай бағалап жатыр.

Қыс мезгілінде де сәнді киінгенді жөн көретін әншіге тыңдармандар жылы киінуге кеңес беруде.

Еске сала кетсек, бұған дейін әншінің ағасы  NUR.KZ-ке берген сұхбатында Еркенің өнерге жарты жолдан қосылмағанын, қарындасының ашық-шашық шығып, өнер көрсетпейтініне қуанатынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1005687-erke-esmakhannynh-koylekteri-zhankuyer.html