RU

Қазақстандықтар аязда жалаңаштанып суға түсуді сәнге айналдыруда

Қақаған аязда қымтанып киіндуі артық көретін қазақстандықтар жалаңаштанып, шомылудан жарысқа түсуде. Өздерінің суыққа шыдамды екенімен мақтанған тұрғындардың видеосы Қазнетте күн санап артып келеді.

NUR.KZ порталы қыстың күнінде жалаңаштанған тұрғындардың видеосын lada.kz-ке сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.

Жалаңаштанған ақтаулық бойжеткендер

Ақтаулық бойжеткендер Евгения Мезенцева, Ирина Божко және Наталья Паркинс жалаңаштанып қарға шомылған атыраулық және ақтөбелік тұрғындармен жарысқа түсіп, Каспийге шомылды.

Евгения Мезенцева жарты жылдан бері ауа-райының суықтығына қарамай, осылай шомылып жүргенін алға тартты. Оның айтуынша, видеоролик ресейліктердің деқызығушылығын тудырған. Олар бойжеткенге видеоны #эстафетаслабо2016 хэштегімен Instagram-ға жүктеуді ұсынған.

Ақтөбе тұрғыны қарға шомылды

Ақтөбе тұрғыны Есет Сағымов қарға жалаңаш кеудесімен жайбарақат жатқан видеосын достарына әзілдеп жібергенін айтуда. Ол атыраулық достарына өзінің бұл қылығын қайталамауға кеңес береді. Видеоны желіге жүктегеннен кейін өзге де атыраулықтар бұған бей-жай қарамай, жауап ретінде  видеоларын жіберуге кіріскен. Олардың арасында кішкентай бүлдіршінмен қарға шомылған 60 жастағы қария да бар.

Атыраулық ақсақал балақаймен бірге қарға шомылды

Атыраулық ақсақал көштен қалмай, Ақтау мен Ақтөбе тұрғындарына жауап ретінде өз видеосын назарға салды. Онда қария өзімен бірге кішкентай бүлдіршінді де жалаңаштандырып, қарға шомылдырған.

Атыраулық жігіт қарға сүңгіді

Ал мына видеода атыраулық жігіт басымен қарға сүңгиді.

Жалаңаштанған тағы бір атыраулық

Тағы да бір атыраулық қыстыгүні жалаңаштанып, қарға шомылады. Ол да бұл видеоны ақтөбеліктерге жауап ретінде түсіргенін айтады.

Ал эстафетаны аңдаусыз бастап қойған Есет Сағымов болса, денсаулығы әлсіз адамдарға мұны қайталау қауіпті екенін ескертті. Ол Каспийде шомылған бойжеткендердің әрекетін қайталауға батылы бармайтынын жасырмады.

Қарда жүзген ақтаулық бойжеткен

Өзге ақтаулық бойжеткен болса, өз жерлестерінен қалыспай, қарға шомылып, видеосын ел назарына ұсынды.

Видео: Рашид Исмагилов

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1005797-qazaqstandyqtar-ayazda-zhalanhashtanudy.html