RU

Елімізде жыл басы әдеттегідей қымбатшылықпен басталды

Жаңа жылдан бастап еліміздің кей өңірлерінде жолақы мен нан бағасы өсіп жатыр. Мәселен, Таразда ас атасының құны 5 теңгеге көтерілсе, Атырауда тіпті қымбат.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Мұнда нан бірден 15 теңгеге өсіп, қазір 60 теңгеден сатылуда. Ал, облыстың кей аудандарында нөмірі бірінші тағамның құны жаңа жылға дейін-ақ 80-90 теңгеге жеткен болатын.

Осы уақытқа дейін 50-ден сатылып келген әлеуметтік нанның құны қазір Таразда 55 теңге. Атыраудағы жағдай тіпті өзгеше. Мұнда нан бағасы 45-тен 60 теңгеге бір-ақ көтерілді. Наубайшылардың айтуынша, ұнды көршілес Оралдан тасымалдау үшін кететін шығын көлемінің артуы және коммуналдық қызмет құнының өсуі бағаны көтеруге себеп болған.

Нан бағасынан өзге мұнда жолақы да 1-ші қаңтардан бастап қымбаттап шыға келді. Қала ішілік автобустардағы жолақы 50-ден 80 теңгеге дейін көтерілді. Және қала сыртына қатынайтын қоғамдық көліктерде жүру құнына да 20 теңге қосылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1005837-elimizde-zhyl-basy-adettegidey-qymbat.html