RU

Қырғызстанда өгей әкесі балаларын донорлыққа сатып жіберді

Ресейлік дипломаттар екі балақайды Қырғызстанда адам ағзаларымен саудалайтындардан құтқарып қалды. Балаларды өгей әкесі донорлыққа сатып жіберген.

Бұл туралы vesti.ru-ға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

13 жасар Аня мен оның 5 жасар інісі Тимофей анасының қазасынан кейін қараусыз қалады. Оны пайдаланған өгей әкесі балаларды сығандарға сатып жібереді. Сығандар балақайларды алдымен қайыр сұрауға жегіп, кейін ағзаларын саудаға салмақ болады.

Абырой болғанда, бұл ақпарат Ресей елшілігі өкілдеріне жетіп, олар кішкентайларға араша түскен. Аня мен Тимофей қаскөйлерден қашып, көршілерінің үйінде тығылған. Алайда олардың артына түскен қылмыскерлер көршілерге қоқан-лоқы көрсетуге кіріскен. Балаларды елшілік өз қорғауына алып, бірден көмек көрсетті.

Ресейдің Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі Андрей Крутьконың айтуынша екеуі де қатты әлсіреп, қорқып қалған. Ал кішкентайлардың анасы қасақана өлтірілген болуы әбден мүмкін.

«Бес жасар бала әбден ашыққан, оларға бірден медициналық көмек көрсетілді. Екеуін тамақтандырып, киіндіріп, құжаттарын реттедік», — дейді Андрей Крутько.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1005858-qyrghyzstanda-ogey-akesi-balalaryn.html