RU

Қарағандыда жаңажылдық мейман пәтер иесін соққыға жығып, зорлап кетті

Қарағандыда 35 жастағы әйел жақсы танымайтын жігітпен Жаңа жылды бірге қарсы аламын деп оның құрбанына айналды. Жігіт келіншекті соққыға жығып, зорлап тастаған.

Бұл туралы «Криминальные новостиге» сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Сауда фирмаларының бірінде сатушы болып қызмет ететін қала тұрғыны Зоя Самсонова 1 қаңтар күні сағат кешкі 17.00-де полицейлерге жүгінді.

Келіншек мейрамға қарсы Стас деген жігітпен танысады. Әйел жігіттің таксофирмада қызмет ететінін ғана білетініне қарамастан, Жаңа жылды онымен бірге қарсы алмақ болады.

Белгілі болғандай, 33 жастағы жүргізуші Станислав Бакурадов мерекелік дастарқанға азық-түлік алғаны үшін әйелден ақысын талап еткен. Ол ақшаның орнына келіншекпен жыныстық қатынасқа түсуін қалаған. Алайда әйел одан бас тарқанда ер кісі оны соққыға жығып, зорлап тастаған.

Факті бойынша тергеуалды тексеріс жүргізіліп, Бакурадов қамауға алынды. Ер кісі өз кінәсін мойындамай, жыныстық қатынасқа әйелдің өзі қарсы болмағанын алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1006056-qaraghandyda-zhanhazhyldyq-meyman-pater.html