RU

Ливандық студенттер өзі жүретін, жоғалмайтын чемодан ойлап тапты

Ливанда студенттер «ақылды чемодан» ойлап тапты деп хабарлайды 24.kz.

Жастардың айтуынша, оны көтеріп не сүйреп әуреге түспейсіз. Өйткені инфрақызыл құрылғымен жабдықталған сөмке иесінің соңынан өзі-ақ қозғалып отырады. Оның үстіне жолсандық әуе сапары кезінде жоғалту мүмкін емес. Себебі оған арнайы SIM-карта орнатылған.

Соның арқасында кез-келген адам жол жүгінің қайда жатқаны туралы ақпарат ала алады. Өнертапқыштар енді инвесторлар іздеумен бас қатырып жүр. Осыдан кейін тауар сатылымға шығарылуы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1006128-livandyq-studentter-ozi-zhuretin-zhogha.html