RU

Жанар Айжанова әжесін сегіз жасқа дейін емгенін айтты

Жарқын мінезімен, ерекше дауысымен халықтың сүйікті әншісіне айналған Жанар Айжанова Дана Нұржігіттің "Дара жол" бағдарламасында өмірінің беймәлім тұстарынан сыр шертті.

Хабар барысында жастайынан әжесінің тәрбиесінде болған Жанар Айжанова ес білгелі кейуананың мейірімімен еркелеп өскенін әңгімеледі. Немересінің еркелігіне елжіреген қарт ананың омырауынан сүт шығып, сегіз жасына дейін әншіні емізген екен.

Жолдасынан ерте айырылған Жанар Айжанова жас кезінде тағдырдың тауқыметін көп тартқан әрі қызы Айжұлдызды өмірге әкелерде жалғызбасты анаға тіршілік ету ауыр тиген.

Қазірде бағдарлама жүргізушісі ретінде елге жақсы танылған әнші Жанар Айжанова қызын қызметтегі әріптесі Айгүл Иманбаеваның ұлына айттырғысы келетінін әзіл араластыра айтып қалды.

"Айжұлдызды Айгүл Әсетке әперем дегендей еді, бірақ үйдің алдына екі жылқы байламай ма? Ол да жоқ", - деп әзілдеді Жанар әріптесіне.

Әңгіме арасында әншінің қызы Айжұлдыз анасының оған шетелде оқуға қарсы болғанын, бірақ анасының бұл шешіміне еш өкінбейтінін де жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1006223-zhanar-ayzhanova-azhesin-segiz-zhasqa-dey.html