Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Николай Жұмағалиев бостандықта жүр деген қауесет тұрғындарды дүрліктірді

Опубликовано:

Әлеуметтік желілерде атышулы адам жегіш Николай Жұмағалиев психиатриялық емханадан қашып кетті деген ақпарат тарап кетті. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлайды NUR.KZ порталы Қазақстан жаңалықтарына сілтеме жасап.

Мұндай мәлімдемені Алматы облысының ІІД баспасөз қызметі жасады.

1980 жылдары бүкіл кеңестік аймаққа белгілі болған кісі өлтіруші әрі адам жегіш Николай Жұмағалиев Алматы облысы Талғар ауданындағы психиатриялық емханадан қашып кетті деген қауесет тарап жүр.

Тұрғындар таратқан жалған ақпаратқа сәйкес, қылмыскер 23 желтоқсан күні қашып кетіп, Алматының көк базар маңында куәгерлердің көзіне түскен.

Полиция өз кезегінде бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Жұмағалиевке іздеу жарияланғаны туралы ақпарат бізге келіп түспеді. Осыған орай ақпарат шындыққа жанаспайды деп мәлімдейміз", - дейді Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінде.

Николай Жұмағалиев — кеңестік кезеңдегі кісі өлтіруші-каннибал, 10 адамды өлтірген. 1952 жылдың 15 қарашасында Ұзынағашта дүниеге келген.

"Николай Жұмағалиев әлі күнге дейін емханада қамаулы. Дәрігерлер науқастың өзін сабырлы ұстайтынын айтуда. Олар, тіпті ер кісінің қоғамға еш қаупі жоқ деген болжамдарын жасап, емханадан шығару мәселесін ашық қалдыруда. Алайда бірнеше адамды өлтіргендерді зерттейтін мамандар емхана дәрігерлерінің бұл болжамына мүлдем келіспей отыр", - деп жазылған "Википедия" парақшасында.

2014 жылдың қыркүйегінде Жұмағалиевке Ақтөбеде 1990 жылы 10-шы адамды өлтірді деген айып тағылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1006264-almaty-oblysynda-adam-zhegish-er-kisi-bo/

pixel