RU

Әлемнің ең бай бес адамы бір күнде 8,7 млрд долларынан айырылып қалды

Қор нарығындағы құлдырау салдарынан әлемнің ең бай деген бес адамы бір күн ішінде 8 млрд 700 млн долларын жоғалтты деп хабарлайды 24.kz.

Солардың ішінде «Амазонның» негізін қалаушы Джефф Безостың қалтасы көбірек қағылғанға ұқсайды. Онлайн-сауда жасайтын компания акциялары 5,8%-ға арзандаған.

Жалпы, нарықтағы жағдайдан пайда көргендер де болды. Мәселен, америкалық инвестор Карл Айканның капиталы бір күн ішінде 210 млн-дан бірден 20 млрд-қа дейін артты.

Айта кеткен жөн, осы аптада алдымен Қытайдың, артынша Еуропа мен АҚШ-тың қор нарығы құлдыраған еді. Ал Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы жағдайдың ушығуынан мұнай бағасы қымбаттады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1006332-alemninh-enh-bay-bes-adamy-bir-kunde-87-mlr.html