RU

Түркия Ресейді "авиациялық ережені бұзды" деп айыптады

Түркияның Pegasus Airlines әуе компаниясы 13 қаңтарға дейін Ресейге ұшпайтыны хабарланды. Мәскеу әуе компаниясының ұшқыштары мен экипаж мүшелеріне виза беруден бас тартқан.

Түркияның транспорт министрі Бинали Йылдырым Ресейді "халықаралық авиация ережесін бұзғаны үшін" айыптады деп хабарлайды Азаттық.

2015 жылдың қарашасында Түркия Сириямен шекарасы маңында Ресейдің Су-24 ұшағын атып түсіргеннен кейін Мәскеу мен Анкараның арасындағы қарым-қатынас нашарлап кеткен.

Осыдан кейін Ресей Түркияға экономикалық санкциялар салып, Анкарамен визасыз режимді бұзған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1006575-turkiya-reseydi-aviaciyalyq-erezheni-bu.html