RU

Әйгілі түрік әншісі Таркан бойдақтығымен қоштасатынын мәлімдеді

Әлемге аты танымал түрік әншісі Таркан 2016 жылы үйленбек, деп хабарлайды Hurriyet.com-ға сілтеме жасап 24.kz.

Оның болашақ жары - Пынар Дилек есімді түрік бойжеткені. Ол Германияның Дуйсбург қаласында дүниеге келген. Таркан мен Пынар осыдан бес жыл бұрын Германиядағы кезекті концертерінің бірінде танысыпты.

Белгілі болғандай, 30 жастағы ару Таркан өнерінің табынушысы екен. Енді танымал жұлдыз бен 30 жастағы Пынар Дилектің некесі осы жылдың алғашқы айларында қиылмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1006587-aygili-turik-anshisi-tarkan-boydaqtygh.html