Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында жол бойындағы әжетханадан жаңа туылған сәби табылды (видео)

Опубликовано:

Алматы-Ташкент автотрассасының бойында орналасқан әжетханадан жаңа туылған нәресте табылды. Сәби әжетхананың тесігінен шұңқырға түсіп кеткен.

Жолаушылар нәрестені 2 қаңтар күні тауып алып, бірден жедел жәрдем шақыртқан, деп хабарлайды ҚазТАГ.

Әжетхана шұңқырынан табылған сәбидің видеосы "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде пайда болған.

Нәрестені шұңқырдан шығару үшін құтқарушыларға бетон еденді бұзуға тура келген. Жас сәби жылауға шамасы келмей, әрең қозғалып жатқан. Еденге жағылған қызыл қанға қарап, баланың әжетханада туылғанын болжауға болады.

Қазір нәресте Луговой ауданының орталық ауруханасында ем алуда. Сәбидің анасы әлі табылған жоқ. Полиция тергеу жұмыстарын жалғастыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1006905-zhambyl-oblysynda-zhol-boyyndaghy-azhetkh/

pixel