RU

Ақтөбеде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына қанша күн қалғанын көрсететін экрандар қойыла бастады

Ақтөбеде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  республикалық жалпыұлттық жоба бастау алды. Бұдан әрі бұл шара еліміздің барлық облыстарында жалғасады деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

4000-нан астам адам қатысқан ауқымды мерекелік акция «Қоныс» спорт сарайында өтті. Оның қатысушылары ардагерлер, жастар, үкіметтік емес ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері болды.

Тәуелсіздік қабылданған сәттен қазіргі уақытқа дейінгі еліміздің дамуының барлық сатылары бейнеленген театрландырылған көрсетілімге 1000-нан астам адам қатысты.

"1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданды. Біздің тәуелсіз республикамыздың қалыптасу кезеңінде Қазақстанда адамдардың табысы ондаған есе өсті, тұрғындардың тіршілік ету жасының ұзақтығы 72 жасқа дейін ұлғайды, бала туу деңгейі 67,7%-ға өсті", - деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Ақпараттық топтар мерекелік жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығының негізгі жетістіктерін түсіндіру үшін облыстың барлық аудандарында болмақшы.

Шешуші блокта тарихи күнге дейінгі «кері қарай есептеу» сәттері салтанатты түрде өтеді.

Айта кету керек, Ақтөбе қаласындағы LED-экрандарда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына қанша кун қалғанын көрсететін онлайн уақыт құрылды.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1006960-aqtobede-tauelsizdiktinh-25-zhyldyghyna-q.html