RU

Танымал түрік актерлерін көру үшін жанкүйерлері мейманханаға басып кірді

Жаңа жылғы демалыстарын Венада өткізіп жатқан белгілі жұп - Бурак Өзчевит пен Фахрие Эвджен келеңсіз жағдайға тап болды.

Бұл туралы жұлдызды жұп келіп тоқтаған мейманхана суретін Instagram парақшасында жариялай отырып хабарлаған деп жазады 24.kz.

Белгілі болғандай, белгілі жұптың австриялық жанкүйерлері олар орналасқан мейманхананы басып кірген. Жиылған топты келіп жеткен Австрия полицейлері қауіпсіздік шараларын қолдана отырып, таратуға мәжбүр болыпты.

Түрік жанкүйерлерінің бірі полицейлердің бұл әрекеттеріне қарсы күш көрсетіп, артынан тұтқындалды, деп жазады Vesti.az. Айғай-шу басылмаған соң арнайы жасақ келіп, халықты қоршауға алған.

Топ тарамаған соң Бурак Өзчевит пен Фахрие Эвджен мейманхананы артқы есік арқылы тастап шығуға мәжбүр болыпты. Мейманхана алдында атақты жұпты ұзақ уақыт бойы тағатсыздана күткен халық соңында оларды көре алмады.

Кейін актерлер өздерінің Instagram парақшаларында Венада түскен суреттерін салып, жанкүйерлерінен кешірім сұрады. Онда: «Венадағы күллі жанкүйерлерімізге сәлем! Кеше кешкісін болған жағдай бізді қатты қапаландырды. Біз сіздерді жақсы көреміз!», - делінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1006964-tanymal-turik-akterlerin-koru-ushin-zha.html