RU

"Плейбойдың" танымал моделі қазақстандық премьер-лиганың ойыншысына тұрмысқа шықпақ (фото, видео)

Қарағандылық "Шахтердің" болгарлық ойыншысы Пламен Димов Благовеста Цаковаға қарым-қатынасын заңдастыруға ұсыныс жасады.

Жаңа жыл түні Пламен Димов "Плейбойдың" танымал моделі Благовеста Цаковаға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады деп жазады Sports.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ.

Болгарлық басылымдардың бірінің жазуынша, бойжеткен ұсынысты қуана қабылдаған. Бұны неке жүзіктерімен түскен екі ғашықтың әлеуметтік желіге салған фотоларынан байқауға болады.

"Пламен барлығын керемет ұйымдастырған. Түн ортасында отшашулар аспанға атылып жатқанда, ол Благовестаның алдында тізерлеп тұрып оның қолын сұрады. Барлығы керемет болды", – деп жазды оқиға куәгерінің бірі.

Еске сала кетсек, 25 жастағы Пламен Димов өткен кезеңнің "Қайсар" құрамасында спорттық мансабын бастаған еді, алайда өткен жазда қарағандылық "Шахтермен" келісімшартқа отырды. Оның 24 жастағы ғашығы Благовеста Цакова биші, модель, кино әртісі ретінде танымал.

Алайда оған ең үлкен танымалдылықты болгарлық  "Плейбой" журналына, немістің "Плейбой" журналының эротикалық күнтізбесіне, сонымен қатар болгарлық "Максим" журналына арналған фототүсірілімдер алып келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1006997-pleybodynh-tanymal-modeli-qazaqstand.html