RU

Әйел бензин багін оттықпен қыздырамын деп өз көлігін өртеп алды

Ресейлік Сургут қаласындағы жанармай құю бекетінде автоледи абайсызда өз көлігінің безнин багі мен жанармай құю пистолетін өртеп жіберді. Өртті келіншек үрлеп өшірмек болған.

Әйел осылайша жағармай багінің кілтін қыздыруға тырысқан болуы керек. Оның бұл айласы өте сәтсіз аяқталды.

Бакке құйылып жатқан бензин әп-сәтте өртеніп кетті. Автоледи пистолетті суырып жатқанда жағармай өз көлігіне төгілді. Келіншек бастапқыда өртті үрлеп сөндірмек болған.

Артында кезекте тұрған өзге көлік иесі мұны көріп, қауіпті жерден тезірек кетіп қалуға тырысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1007123-ayel-benzin-bagin-ottyqpen-qyzdyramy.html