RU

Трюк жасаған француз даршысы 30 метрлік биіктіктен құлап кетті (видео)

 32 жастағы француз даршысы Танкред Меле, Flying Frenchies  акробаттар тобының негізін қалаушы Францияның оңтүстік шығысында сейсенбі күні күрделі акробатиялық трюк жасау кезінде мерт болды.

Бұл туралы оның Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап Қазақпарат хабарлайды.

Акробаттар әуе шарында жаңа нөмірмен жұмыс істеп жатқанда шар кенеттен бекіткіштен ажырап, аспанға көтерілген. Меле 30 метр биіктіктен құлап, қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости.

Меле спорттың экстремальды түрінен әлемге танымал болған еді. Ол құрған Flying Frenchies тобының ғаламторға салынған трюктерінің видеоларын сан миллиондаған адам көрген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1007177-tryuk-zhasaghan-francuz-darshysy-30-metrlik.html