RU

Төреғали мен Еркеге пародия жасаған балалар ғаламтор жұлдызына айналды (видео)

Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмаханның "Алло" әніне жасаған балалардың пародиясы халықтың ықыласына бөленуде. Видеоны көріп сүйсінген тыңдармандар жас бүлдіршіндердің әртістік қабілетіне тәнті болды.

Бұл бейнебаянның ғаламторда пайда болғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Әйтсе де, жұрт назарын бірден елең еткізіп, мыңдаған лайк жинап үлгерген.

Пародияны YouTube желісіне Ерлан Ақұзақов есімді қолданушы жүктеген.

Бейнебаянның түпнұсқасы тыңдармандар көңілінен шығып, қос әншінің еңбегі халық арасында жақсы баға алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1007261-allo-anine-parodiya-zhasaghan-balalar-gha.html