RU

Шымкентте мешітке намаз оқуға келген азаматты ұры тонап кетті

Шымкентте мешітке намаз оқуға келген Баламир Райымбеков мүлкінен айырылып қалды. Ол қалалық мешітке құлшылық жасауға келіп, ұрының ілмегіне ілінген деп хабарлайды Отырар арнасы.

Қолының сұғанағы бар адам жамағаттың намазға берілген сәтін пайдаланып, сөмке мен күртешені қолды қылған.

Айта кету керек, бұл мешітте ұрлық оқиғасы екінші рет тіркеліп отыр. Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы бейнебақылау камераларының жазбасын көшіріп алды.

Ұрыны ұстау шаралары қолға алынған. Оқиғадан кейін тосқауыл жария етілгенімен, еш нәтиже шықпады. Ұры білгендей сөмкенің ішінде қомақты қаржы болған екен. Ал жәбірленуші мешіттің ішінде ұрлық болғанына аң-таң.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1007358-shymkentte-meshitke-namaz-oqugha-kelgen.html