Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Испанияда есектің үстінен түспеген 150 келілік адам оны зорықтырып өлтірді

Опубликовано:

Испания соты хайуанаттарды қорғау қоғамының шағымын қарастыруда. Шағымда есекке мініп зорықтырып өлтірген салмағы ауыр адамды жауапқа тарту жайы көрсетілген.

Бұл туралы британиялық The Sun басылымына сілтеме жасап Қазақпарат жазады.

Оқиға былтыр болған. Салмағы 150 келі ер адам жас есекке мінген, әрі оны секіруге мәжбүрлеген. Арада шамалы уақыт өткен соң зорыққан жануар құлап қалған. Мал дәрігерлері ішкі құрылысына зақым келген жануарға көмек көрсеткенімен, оны құтқарып қала алмаған.

Сотқа айғақ ретінде, ер адамның достарына осы оқиғаға қатысты мысқыл хабарламасы ұсынылып отыр.

Егер сотта оның айыпты екендігі дәлелденген жағдайда, оған аса ірі көлемде айыппұл салынып, 18 ай бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1007442-ispaniyada-esektinh-ustinen-tuspegen-150-k/

pixel