RU

Доллардың тұрақсыздығынан олигархтар дәулетінен айырылып жатыр

Доллардың тұрақсыздығы ауқаттылардың да қалтасына қатты соққы болып тиді. Салдарынан әлемдегі ең бай 400 адамның табысы 19 миллиард АҚШ долларына қысқарған.

Бұл туралы Блумберг агенттігі хабарлады деп жазады Алматы телеарнасы.

Тапқан табыстарының азаюуына шикізаттың бағасы төмендеп, дамыған елдердің экономикасының құлдырауы басты себеп екен. Миллиардерлер индексінің төмендеуі ең алғаш рет 2012 жылы байқалған. Ағымдағы жылдың 28 желтоқсанындағы мәліметке сүйенсек, топты жарған 400 бай адамның байлығы 3,9 триллион АҚШ долларын ғана құраған.

Бұл АҚШ, Қытай мен Жапониядан басқа елдердің жалпы ішкі өнімінің көрсеткішінен артық. 2014 жылы ауқаттылар тізімінің басын 83,6 миллиард АҚШ доллары бар Билл Гейтс бастап тұрған еді. Өткен жылдың көрсеткіші енді жария болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1007586-dollardynh-turaqsyzdyghynan-oligarkhta.html