RU

Австралияда жоғалып кеткен қойдың үстінен 21 келі жүн қырқылды

Австралияда бұдан алты жыл бұрын жоғалып кеткен Шейла есімді лақап аты бар қошқардың үстінен қырқылған жүннің салмағы жиырма килодан асып түсті.

Бұл туралы BBC (Би-би-си) хабарлады деп жазады ras.kz.

Қаңғыбас қой Тасмания аралындағы Хобарт қаласы маңындағы орманнан табылған.

Шейланы жергілікті тұрғын Питер Джонс жол жиегінен көріп қалып, көлігіне салып алған. Ол жүнінің қалыңдығы мен ауырлығынан орнынан тұра алмай қалған жануарды осылайша аман алып қалыпты.

«Ол маған қарап ым қатты. Сосын мен оның тірі екенін байқадым да, көлігімді тоқтатып, орнынан тұрғызуға әрекет жасадым», - дейді Джонс.

Үйге әкеліп қырыққанда, Шейланың үстінен 21 килодан артық жүн алынған. Алайда, мұның өзі Австралиядағы бұл жөніндегі рекордты бұза алмапты. Мұнда өткен жылы Крис деген еркек қойдан қырық килодан астам жүн қырқылыпты. Бұдан бөлек, бұл құрлықта тағы бір қойдан 25 кг жүн алынған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1007710-avstraliyada-zhoghalyp-ketken-qoydynh-us.html