RU

Диск лақтырудан Олимпиада чемпионы допинг қабылдағандығын мойындады

Әйелдер арасында диск лақтырудан 1984 жылғы Олимпиада чемпионы голландық Риа Сталман өзінің спорттық жолында допинг қабалдағандығын мойындады деп жазады Қазақпарат.

Бұл туралы ол NOS телекомпаниясына берген сұхбатында айтқан. 64 жастағы спортшының сөзіне қарағанда, спорттық мансабындағы соңғы 2,5 жыл ішінде үнемі допинг қабылдаған.

Сталман Лос-Анджелес Олимпиадасындағы жеңісінен соң 32 жасында спорттық жолын аяқтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1008088-disk-laqtyrudan-olimpiada-chempiony-d.html