RU

Жамбылдық полицейлер ананың неліктен туған сәбиін жол бойындағы әжетханаға тастап кеткенін айтты

Жамбыл облысында жаңа туған сәбиін жол бойындағы әжетханаға тастап кеткен әйел тағы бір қыз баланың анасы екені анықталды.

Бұл туралы  ИА Новости-Казахстан-ға ауданның ІІД-нің баспасөз-қызметі хабарлаған.

Кішкентай қызы бар әйел 2016 жылдың 3 қаңтар күні некесіз өзінің екінші қызын "Батыс Қытай-Батыс-Қазақстан" тасжолының бойындағы әжетханада дүниеге әкеліп, тастап кеткен. Сәбиді сол жерге тоқтаған адамдардың бірі байқап қалған.

"Тұрар Рысқұлов аудандық ІІБ-нің қызметкерлері 1994 жылғы жас әйелдің баласын әжетханаға тастау себебін анықтап жатыр", - делінген полиция хабарламасында.

Полицейлер жүргізген ауқымды іздеу барысында 8 қаңтар күні күдікті әйел ұсталып, ол тергеуге алынды. Аудандық аурухананың гинекологтары ұсталған әйелді тексеріп, нәрестенің алты күн бұрын дүниеге келгенін растады.

"Болжам бойынша, әйелдің мұндай қылмысқа баруына отбасылық және әлеуметтік-тұрмыстық проблемалар себеп болған", - деп атап көрсетілген полицияның баспасөз хабарламасында.

Қазіргі таңда күдіктінің үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция өкілдері оқиғаның мән-жайы кейінірек хабарланатынын атап өтті.

Еске сала кетсек, біз ертеректе хабарлағандай 3 қаңтар күні "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" тасжолындағы қоғамдық әжетханадан жаңа туған сәби табылған болатын. Сәби әжетхана тесігінен шұңқырға түсіп кеткен. Абырой болғанда ол аман қалды.

Кейінірек жамбылдық полицейлер жаңа туылған сәбидің анасын тапты.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1008367-zhambyldyq-policeyler-zhas-ananynh-neli.html