RU

Қазақстандық беделді отбасы атақты аукционға мыңжылдық тарихы бар алқаны сатылымға қойды

Қазақстанның беделді отбасыларының бірі 1500 жылдық тарихы бар көздің жауын алар ғажайып алқаны сатылымға қойды. Ол бірнеше жүздеген жылдар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келген.

Бұл туралы buro247.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

3 қаңтар күні Sotheby's мамандары біздің күнімізге дейін жеткен ғұн тайпаларының анартасымен көмкерілген жалғыз алтын әшекейді сатылымға қойды.

Сыртқы пішіні жағаны еске түсіретін алқаға 1500 жыл болған. Мамандар ғажайып алқа туралы XIX ғасырдың соңында, қазақстандық беделді отбасылардың бірінен білген. Алқа сол отбасыға тиесілі болған. Жүздеген жылдар аралығында әшекей ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған.

Сатылымға қойылған алқа майда өрім техникасымен жасалған. Ол үшін бес шығыршықты шынжыр пайдаланылған. Лентаға ұқсас жұмсақ шынжырдың әр ұшы айдаxар басына ұқсас кулонмен әрленген. Ал анартастар айдаxардың терісі іспетті жасалған. Алқаның жанында қосымша анартастармен көмкерілген екі алтын ірі моншақ бар. Олар болжам бойынша шынжырларға ілінуі тиіс. Sotheby's мамандары ғажайып көне алқаны  200–300 мың фунт стерлингке бағалап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1008396-1500-zhyldyq-tarikhy-bar-ghundardan-qalghan-zh.html