RU

Павлодарда жылу магистралі жарылып, 25 тұрғын үй жылусыз қалды

Бүгін Павлодар қаласында сағат 14.00 шамасында Катаев-Сувров көшелерінің қиылысында диаметрі 700 мм болатын №10 жылу магистралі зақымданды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке «Павлодарэнерго» АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімнің бастығы Асқар Шөмшеков хабарлады.

3-ЖЭС-ның тұтынушылары 1-ЖЭС-на ауыстырылды. Осыған қарамастан, зақымдану нәтижесінде 25 тұрғын үй, бір балабақша мен бір мектеп жылудан ажыратылды.

Павлодар қаласының әкімі Болат Бақауовтың жетекшілігімен апатты жою жөніндегі жедел штаб құрылды.

"Зақымдануды жою үшін «Павлодар жылу желілері» ЖШС-нің 30 маманы мен 10 техника құралы жұмылдырылды. Апат шамамен 12-15 сағаттан соң жойылады", - дейді А. Шөмшеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1008434-pavlodar-zhylu-magistrali-zharylyp-25-tur.html