RU

Әлемнің бай адамдары өткен аптада 194 млрд долларынан айырылып қалды

Жаңа жылдан кейінгі бір апта ішіндегі мұнай бағасының арзандауы, Қытай экономикасының баяулауы салдарынан әлемнің бай адамдары жалпы сомасы $194 млрд долларынан айырылып қалды.

Бұл туралы ресейлік utro.ru сайтына сілтеме жасап Қазақпарат жазды.

Сонымен қатар осы туралы мәліметті  Bloomberg Billionaires Index ақпаратынан да көруге болады.

Бұл апта америкалық қор нарығы үшін 2011 жылдан бергі жайсыз апта болды. 2015 жылдың алғашқы 5 күні миллиардерлердің тізіміндегілердің жалпы байлығы 29 млрд долларға азайып кеткен.

Ең көп шығын Amazon.com-ды құрған Джефф Безоске тиесілі, ол 5,9 млрд долларға «кедейленген». Әлемнің бай адамдарының тізімінде Джефф төртінші орында. Ал бірінші орында тұрған Билл Гейтс 4,5 млрд долларынан айырылды, екінші орындағы Амансио Ортега байлығы 3,4 млрд долларға кеміп қалды.

Осы тізімде байлығы 1 млрд долларға азайған 47 адам бар екен.

Bloomberg агенттігі миллиардерлер тізіміндегілердің жалпы байлығы 3,7 трлн доллар (Германияның ЖІӨ-сіне тең) деп есептейді, былтыр бұл байлық көлемі 4 трлн доллар болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1008454-alemninh-bay-adamdary-otken-aptada-194-ml.html