RU

Түркия 89 елге виза енгізуді ЕО-ға мүше болғанша тоқтата тұрады

Түркияның сыртқы істер министрлігі республиканың 2016 жылғы 1 маусымнан 89 елмен қарым-қатынаста визалы режимге көшкелі отырғаны жайындағы ақпарды жоққа шығарды.

Бұл туралы ТАСС хабарлады деп жазады ras.kz.

Бұдан бұрын бірқатар БАҚ-тарда ЕО-мен келіссөз процесі шеңберінде және Түркия мен ЕО арасындағы маусымда басталатын визасыз қатынастың күшіне енуіне байланысты және реадмиссия туралы келісім негізінде Анкараның 89 елмен арадағы екіжақты визасыз режимнен шығуына тура келетіні хабарланған болатын.

«ЕО-мен біздің азаматтарымызды Шенген визасынан босату туралы мәселе бойынша келіссөз жалғасып жатыр. Біздің үшінші бір елге қатысты визалық саясатымызды ЕО нормаларына толық сәйкестікке келтіру жөніндегі міндеттемеміз ЕО-ға толыққанды мүшелікті алғаннан кейін жүзеге асырылатын қажеттілік болып табылады. Сондықтан біздің еліміз 1 маусымнан бастап ЕО-ға визамен кіретін елдер үшін виза енгізетініміз шындыққа жанаспайды», – деп атап өтті министрлік өкілі.

Жоғарыдағы жауаптан Түркияның 89 елге визалық режим енгізу жөніндегі мәселесі оның Еуропа одағына толыққанды мүше болғанға дейінгі кезеңде ғана кейінге қалдырыла тұратынын білуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1008878-turkiya-89-elge-viza-engizudi-eo-gha-mushe-b.html