RU

БҚО-да мал іздеуге шыққан 6 адам айдалада адасып қалды

Қаратөбе ауданына қарасты Төлен ауылының тұрғындары 2 күн бұрын трактор және УАЗ көлігіне мініп, жоғалған малды іздеп шығып, адасып кетті деп хабарлайды Хабар арнасы.

Аяқ-асты боран басталып, көліктің жанар-жағармайы да таусылғанға ұқсайды. Топ ішіндегі біреуі жаяулатып ауылға жетіп, көмек сұраған.

Ертемен жедел құтқару отрядының 10 маманы іздеуге шығады. Оларға жергілікті полицейлер мен тұрғындар көмектескен.

Адасқандарды Төлен ауылынан небәрі 7 шақырым жерден тауыпты. Сондықтан төтенше жағдай департаментінің мамандары ауа райы жиі құбылып тұрған шақта жолға шықпауға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1008914-bqo-da-mal-izdeuge-shyqqan-6-adam-aydalad.html