RU

Алматы полициясы жүздеген адамның қалтасын қаққан алаяқтарды ұстады (фото)

Алматы полициясы жүздеген адамның қалтасын қаққан алаяқтарды ұстады. Қазір олардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр деп хабарлайды Қазақпарат.

Əуезов ауданы ІІБ тергеушісі Нұрсұлтан Рахмановтың айтуынша, 1971 туған  Мадина Сатбаева  үйсіздерге мемлекеттік бағдарлама арқылы үй алып беремін деп, олардың 7 млн теңгеден астам қаржысын жымқырып келген.

1966 жылы туған Айнагүл Бақбергенова да өзінің қалталы таныстары барын алға тартып, Қарасай, Қырғауылды аудандарынан жер телімін алып беруге жалған уəде берген. Оның азаматтарға келтірген залалы 6 млн теңгеге жеткен.

Түрксіб ауданының ІІБ ақша үшін барлық шаруаны дөңгелетіп берем деп тұрғындардың сеніміне кіріп, алдап келген Əбдіханов Мұратты ұстаған. Тергеуші Жангелді Төлеуовтың айтуынша, ол құжаттарды заңдастыру, үй, жер алып беру сияқты тірліктерді тындырып берем деп елден 16 мың доллар иемденген.

Алматы полициясы бірнеше рет істі болған Ресей азаматын ұстады. 2015 жылдың жаз айларынан бастап, ол алматылықтарды тиімді несие алып беремін деп алдап келген. Өзінің ерекше мүмкіндіктерін Алексей Ерольский интернетте жариялаған.

Қалалық ІІД аталған азаматтардың əрекетінен жапа шеккен адам болса, полицияға хабарласуын сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1008979-almaty-policiyasy-zhuzdegen-adamnynh-qa.html