RU

Қазақ тіліне ғашық шетелдіктер қазақша сөйлеп, домбыраның құлағында ойнауда

Жақында әлеуметтік желілерде қазақ тілін әдемі санап, оны жетік меңгеруге барын салып жүрген шетелдіктердің видеосұхбаты жарияланды.

Видеода Ұлыбритания, Куба, Қытай, АҚШ, Ресей елдерінің азаматтары қазақ тілін қалай меңгергендерін айтып, қай сөзді сүйетіндерін де жасырмаған. Мәселен, Ұлыбритания азаматына "күй" сөзі қатты ұнаса, АҚШ азаматы "айналайын" деген сөзді жақсы көреді екен.

"Мен өте тез үйрендім. Тіпті, екі айдың ішінде деуге болады. Себебі мен Қазақстанда тұрамын және қазақ тілі маған ұнайды... Ең сүйікті сөзім - "күй". Себебі домбыра тартамын", - деген Ұлыбритания тумасы (Chris Trickett) сол жерде күй орындап береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1008983-qazaq-tiline-ghashyq-sheteldikter-qazaq.html