RU

Самат Смақов "Ақтөбе" клубына қайта оралды

Танымал футболшы Самат Смақов «Ақтөбе» клубының қатарын толықтырмақ деп жазады massaget.kz.

Бұл туралы клубтың бас директоры Дмитрий Васильев Facebook желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.

"Біздің капитан Самат Смақовтың Ақтөбеден кеткенін Жаратушының өзі де қаламаған секілді. Келіссөздер жүргізіліп, футболшы «Ақтөбе» клубында ойнайтын болды. Қайта келіссөздердің жүргізілуіне қолайсыз ауа-райы да себеп болды. Клуб пен Самат арасындағы барлық сұрақтар өз шешімін тапты. Капитан клубпен Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына аттанады. Футболшы мен клуб арасындағы келісімшарт бірінші оқу-жаттығу жиыны кезінде түзіледі. Ақтөбеліктерді Саматтың қайта оралуымен құттықтаймын! Ол клубты алға сүйрейтініне сенімдімін! Қайта оралуыңмен, Самат! – деп жазды Дмитрий Васильев.

Айта кетейік, осыған дейін клуб пен футболшы арасында келісімшарт жүзеге аспағаны туралы ақпарат жарияланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1008990-samat-smaqov-aqtobe-klubyna-qayta-ora.html