RU

Жапонияда теміржол бекеті жалғыз оқушы үшін жұмыс істеп тұр (фото)

Жапонияның Хоккайдо аралындағы Ками-Сиратака бекеті жалғыз оқушы үшін жұмыс істейді деп жазады massaget.kz.

2013 жылы теміржол басшылығы Ками-Сиратака бекетінің қызметін тоқтатқан. Кейіннен бекетке жақын маңда тұратын оқушы қыздың мектепке бара алмай жүргенін ескеріп, бағыт жұмысын қайта қосқан.

Бүгінде Ками-Сиратака бекетіне баратын жолаушылар пойызы оқушы қыздың сабақ кестесіне байланысты қатынайды.

2016 жылдың наурыз айында оқушы қыз мектепті бітіреді екен. Одан кейін теміржол бекеті де өз қызметін тоқтатпақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1008999-zhaponiyada-temirzhol-beketi-zhalghyz-oqu.html