RU

Атырауда бетперде киген жігіт жалғызбасты зейнеткерді тонап кетті

Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылында зейнеткерді тонады деп күдіктелген жігіт уақытша оқшаулау изоляторына қамалды деп хабарлайды Ақ жайық басылымы.

Оқиға қаңтардың 1-інен 2-не қараған түні орын алған. Бетперде киген белгісіз ер адам жалғызбасты зейнеткердің үйінің есігін бұзып кіріп, оның 100 000 теңге ақшасын күштеп алып кеткен.

Полицияның жедел іс-қимылының нәтижесінде күдікті көп ұзамай ұсталды. Ол сол ауылда тұратын 30 жастағы жігіт болып шықты. Оның тұрғылықты мекенжайынан айғақты заттар табылған.

Аталған қылмыс үшін мүлкін тәркілеумен бірге үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1009055-atyrauda-betperde-kigen-zhigit-zhalghyz.html