RU

Эстрада жұлдыздары Баян Есентаеваны туған күнімен ерекше құттықтады (фото, видео)

Баян Есентаеваны туған күнімен құттықтаған эстрада жұлдыздарының ішінде жылы лебізін ерекше жеткізген әртістер де болды.

Солардың бірі әнші Төреғали Төреәлі Есентаеваны Алматының апорт алмасына теңеп, жыр шумақтарын арнады.

Жақсылар мына менің жан досымдай,

Ал сіздің жан досыңыз барма осындай?

Гүлназ болған кезіңіз әлі есімде

Сол сезім маxаббаттың алғашындай.

Туған күннің иесі Баян деген

Қазақ xанымдарының таңбасындай, - дей келе, Төреғали Баян деген есімнің өзі ханым деген сөздің жалғасы іспеттес екенін жырлайды.

Негізі 'Ханым' деген әдемі сөз

Баян деген есімнің жалғасындай.

Ханым дейтін қыздарда аз қалдығой

Апорт деген Алматы алмасындай.

Есентаеваның жаңадан құрған "Алау" тобындағы жігіттер продюсерін әзілмен құттықтауды жөн көрді.

 

Есентаеваның кіші қызы Айару Бақытбек әдеттегідей анасына арнап торт пісірді.

Бұдан бөлек, Есентаеваны әлеуметтік желіде әріптестері Қарақат Әбілдина, Сәкен Майғазиев, "Кешью" тобы, Әли Оқапов және тағы да басқа өнер өкілдері құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1009073-estrada-zhuldyzdary-bayan-esentaevany.html