RU

Роскосмос: 4 млрд жылдан кейін Жер жойылып кетеді

Құс жолының Андромеда галактикасымен соқтығысуы 4 млрд жылдан кейін орын алады деп жазады Қазақпарат.

Youtube-тағы Роскосмостың видеоарнасында 4 млрд  жылдан кейін Жердің жойылу нұсқасын көрсететін видеоролик пайда болды.

Ғалымдар осынша уақыт аралығында Құс жолы Андромеда галактикасымен соқтығысатынын есептеп шығарған.  Нәтижесінде олардың екеуінің ортасынан жаңа галактика түзіліп шығады.

Айта кетуіміз керек, Құс жолы мен Андромеда галактикасының бір-бірлерінен қазіргі ара қашықтықтары 2,5 млрд  жарық жылына тең болып тұр.

Алайда, астрономдар олардың бір-бірлеріне қарай жылжып келе жатқандарын баяғыда анықтап қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1009101-roskosmos-4-mlrd-zhyldan-keyin-zher-zhoyyl.html