RU

Альпідегі шипажайда қазақстандықты қалай бірден анықтауға болады?

Танымал ресейлік блогер Илья Варламов Куршевель шиапажайында орысты анықтау оңай ма деген сұрақтың жауабын іздеді. Нәтижесінде Варламов мұны өте оңай анықтауға болатынына көз жеткізіп, өз блогында оған дәлелдер тізбектеді. Шетелдіктер КСРО-ға кірген елдердің азаматтарын ажырата бермейтіндіктен, бұл жазбаға қазақстандықтар да кіреді деп топшылауға болады.

Варламов тауда кезіктірген француздың оған "орыстар бірден көзге түседі" деп мәлімдегенін сөз етті.

"Қалай бірден көзге түседі? Неге бірден? Анықтап көрелік. Алдымен айта кетерлігі, барлық шетелдіктер КСРО-ның бұрынғы елдерін ажырата бермейді. Яғни, оларға орысың да, украиналығың да, қазағың да - бір. Сол себепті бұл жазба барлығына қатысты деуге болады", - дейді автор.

Сонымен бірінші көзге түсетіні - көліктің мемлекеттік нөмірі. Блогердің сөзіне сенсек, көлік жаяужолға қойылған. Шипажайда тәртіпті қадағалайтын ешкім болмағандықтан, біздің жерлестер шетелде көлігін қалай болса солай тұраққа қояды екен.

Ресейлік екенін көрсететін тағы бір ерекшелік – қолына ұялы телефон ұстауы. Орыстар шуылдап, телефонмен сөйлескенді ұнатады. Жұмыстарын тіпті демалыста кезінде де шешіп жатады.

Орыс әйелдер - бөлек әңгіме. Олардың барлығы дерлік тон киіп, ит жетектеп жүреді. Дохаларды, тіпті дүкен аралағанда киетін орыс әйелдер "қорқынышты" тері шалбары мен уггиді қатар киіп алып, көзге түседі екен. Бұлай киінуге ауа райы да әсер етпейтін көрінеді.

"Украиналықтар болса, бүтін отбасымен тон киіп, тіптен ерекшеленеді. Кеше украиналық олигархтың отбасын көрдім. Әкесі, анасы, екі баласымен бірге тон киіп алған. Өзге ғаламшардан келіп түскендей көрінеді. Сонымен қатар украиналықтар базарда жүргендей қатты сөйлеседі...", - деп жалғастырды блогер.

Орыс әйелдер әшекейімен де бірден көзге түседі. Үстіне барлық бриллиантты тағып алып, жаңажылдық шырша секілді жүреді.

Орыстардың тау-шаңғыға сай өз сән үлгісі де бар екен. Мәселен, барыстың, ала құланның немесе питонның принтімен жасалған тау-шаңғы костюмдері. Орыстардан өзге адамдарды ондай киіммен жолықтыру қиын екен.

"Стразаларсыз" да болмайды. Барлық жерде, телефон, аксессуар, тіпті уггилерде де стразалар болуы керек. Ұран: бәрі жалтырап, қымбат көрінуі тиіс.

Француз орыстардың артық салмағымен де ерекшеленетінін жасырмаған: "Бізде тауға баратындар денесі шыныққан адамдар. Ал орыстар статус үшін келіп, тіпті қарындары шығып жатса да сырғанап әлек болады", - дейді ол.

"Орыстар даяшыларға жақсы шайпұл қалдырады. Француздар 5 еуродан артық қалдырмағанды жөн санаса, орыстар мейрамханада ақшасын санамайды. Сол себепті Куршевельде орыстарды жақсы көреді", - деп қорытындылады Варламов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1009124-alpidegi-shipazhayda-qazaqstandyqty.html