RU

Ағылшындық басылым Путинді өлмейтін адамға теңеді (фото)

Ресей президенті Владимир Путин қазір әлем саясатында айдан анық лидер болып келе жатқанына қоса «өлмес жауынгер» деген тағы бір атақты иеленді. Мұны оған Ұлыбритания баспасөзі таңды деп жазады ras.kz.

Газеттің осыған байланысты жариялаған сенсациялық мақаласы айғақ түріндегі фотосуреттермен бірге берілген. Журналистер Путиннің өлмейтін адам екеніне сенімділіктерін білдіреді. Бұған олар бұдан жүз жыл бұрын түсірілген суреттерде қазіргі Владимир Владимировичтен айнымайтын адамның кездескенін айғақ етеді.

Сонда Путин шынымен әдебиеттегі аттары аңызға айналған Росомаха мен Дункан Маклаудтың прототиптері болғаны ма?

Осы ретте The Telegraph журналистердің архивтерден 1920 және 1941 жылдарғы дата көрсетілген суреттерді тауып алғанын, ондағы екі кейіпкердің де Путиннің сойып қаптап қойған көшірмесі екенін баяндайды.

Тұманды Альбион басылымы мұнымен де тоқтамайды. Ол жергілікті оқырмандар арасында «Путин өлмес тұлға ма?» деген тақырыпта сауалдама жүргізіп, бұдан да арыға кетеді.

Ал сұрау салудың нәтижесі зерттеушілердің өзін қатты қайран қалдырған. Себебі, Британия тұрғандарының 60 пайыздан астамы Владимир Путиннің шын мәнінде де өлмейтін Дункан Маклауд екендігіне ешбір күмән келтірмеген.

The Telegraph газетінің оқырмандары бұған дәлел ретінде өздері тағы бір деректі – XIX ғасырда өмір сүрген грек генералының портретін Путиннің сол замандағы бейнесі ретінде ұсынады.

Ал бұдан бірнеше күн бұрын баспасөзде Владимир Путинге қатысты тағы бір зерттеу пайда болды. Онда Ресей лидерінің жүрісі жан-жақты талданған. Журналистер оның да салыстырмалы тұлғалардың қимылына қатты ұқсайтынын айтып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1009273-aghylshyndyq-basylym-putindi-olmeytin.html