RU

Жетісай тұрғыны Сайлаубекке қатаң ескерту жасады (видео)

Өзі ғана түсінетін тілде рэп айтатын МС Сайлаубекке ғаламторда ескерту жасалды. Жасы елулерді еңсерген азамат әншіге видео арқылы хабарлама жолдаған.

Бейнежазба қазір YouTube желісінде қызу талқыланып жатыр. Ал бейнежазбаның басты кейіпкері өзін жетісайлық Қарасаймын деп таныстырған, деп жазады mynews.kz.

Жетісайлық тұрғын өз сөзінде Жетісайға келсең басыңа бәле тілеп, қиындықтарға ұшырайсың деген мәнде әншіге сес көрсетеді. Тіпті, оған қазақ эстрадасының жұлдыздары Ақылбек Жеменей, Асан Пердешов, Төреғали Төреәлі, МұзАрт сияқты ән айтуын сұраған.

Жетісайдың тұрғыны видео соңында «Сенің быды-быдың не?» деп артынша әншінің жеке басына және қадір-қасиетіне нұқсан келтірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1009330-saylaubekke-zhelide-qatanh-eskertu-zhas.html