RU

Динара Сәтжан ұлын қазақ тілін үйренуге ауылға жіберіп тұрады

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан ұлын қазақ тілін үйренуге ауылға жіберген. Жазғы демалысын Жаңарақада үлкен атасының үйінде өткізген жеткіншек қазақша сөйлей бастаған, деп жазады NUR.KZ Comode.kz-ке сілтеме жасап.

"Үлкен ұлым ауылға барып, атасының қолында біраз болды. Қызымның күтушісі - қазақ тілі мұғалімі, ол үйде бізбен тек қазақша сөйлеседі. Осылай үйреніп жатқан жайымыз бар", - дейді Динара Сәтжан өз сөзінде.

Cондай-ақ, Аида Қауменова, Наиль Байкучуковтармен бірлесе жұмыс істейтін кәсіпкер тұлға өзінің Aida KaumeNOVA, Dinara Satzhan Fashion Group, Red Carpet бутигінен киінуге кеңес береді. Қазақстандық дизайнерлердің өнімі шетелдік киімдерден неге қымбат тұратынын да Динара Сәтжан қысқа түсіндіре кетті.

"Мәселен, Zara брендінің костюмі 25 мың тұрса, Аида Қауменованың костюмі 50 мың теңге тұрады. Zara-ны бүкіл әлем киеді, ал Қауменованың топтамасы шектеулі ғана, бір көйлекті 5-6 жыл сүйсіне киесіз, ондай көйлекті ешкімнен кездестірмейсіз", - дейді тележүргізуші.

Өткен жылы Beauty room сұлулық орталығы мен "Монако" қонақүйін ашқан Динара Сәтжан биыл сән саласында жеке журналын ашуға бел шеше кірісіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1009365-dinara-satzhan-ulyn-qazaq-tilin-uyrenu.html