RU

Алматы автобустарында «Оңай» жүйесінің енгізілгеніне қарамастан қолма-қол төлем жасау жалғасуда

«Оңай» бірыңғай көлік картасының енгізілгеніне қарамастан алматылық қоғамдық көлік жүргізушілері жол ақысын қолма-қол алуды жалғастыруда, деп хабарлады ҚазТАГ.

Сонымен, дүйсенбі күні таңертеңгісін №56, №127, №86, №32, №37, №65, №67, №31, 118 автобустарда жол ақыларын қолма-қол төлеммен қабылдады. Ал №65 автобуста әлі күнге дейін валидатор жұмыс істейді.

Өз кезегінде «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС 11 қаңтардан бастап жол ақысын тек «Оңай» көлік картасымен төлеу керектігін атап өтті. Ал жүргізушіге қолма-қол төлеу билетсіз жүрген болып есептеледі.

«ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 622 бабы 2 тармағына сәйкес  (қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікті пайдалану қағидаларын бұзу) қоғамдық көлікте жол жүргені үшін ақы төлеуден жалтару – екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Бұл 4242 теңге билетсіз жүрген жолаушыларға қатысты. Ал жол ақысын қолма-қол ақшамен алған жүргізушілерге келсек, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 623 бабы 9 тармағына сәйкес (жолаушыларды билетсіз алып жүру) трамвайда, троллейбуста, қалалық және қала маңына қатынайтын автобуста және маршруттық таксиде – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады – бұл 10 605 теңге», - деп атап өтті холдингтің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, компанияда түсіндіргендей, егер көлік құралдарында «Оңай» жүйесіндегі терминал жұмыс істемесе, онда аталмыш көлік құралы жолаушыларды тасымалдауға құқығы жоқ және қозғалысын тоқтатуы керек.

«Оқиға орнына «Оңай» бақылаушысы келіп, жолаушыларды сол бағыттағы келесі көлік құралына отырғызады», - деп түсіндірді көлік холдингінде.

Алматы қаласының жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Дәурен Әлімбеков мәлімдегендей, 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап қоғамдық көліктердегі қолма-қол қаржы айналымы тоқтатылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1009408-almaty-avtobustarynda-onhay-zhuyesi.html