RU

10 жасында қазы айналдырып, ұлттық тағам әзірлей білетін қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды

Қазы айналдырып, ұлттық тағам әзірлей білетін 10 жасар қазақ қызының видеосы желіге жүктеліп, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді.

Қыз бала ойын жасында болғанына қарамастан, қазыны шебер айналдырып, тіпті оны қалай әзірлеу керектігін видеода еркін көрсетуде.

"Қазы айналдыру. 10 жастағы қызым ұлттық тағам дайындау барысында", - деп жазған келіншек шамамен қыз баланы видеоға өзі түсірген. Видеода жеткіншек не істеп тұрғанын баяндап береді.

"Мен қазы айналдырып тұрмын. Анама көмектесіп жатырмын. Өте дәмді қазы шығады деп ойлаймын, пісіргеннен кейін дәмін көреміз", - дейді қыз бала қазы айналдырып тұрып.

Видео үйдегі кішкентайы жылап болмағасын, жарты жолдан аяқталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1009533-10-zhasynda-qazy-aynaldyryp-ulttyq-tagham.html