RU

Жақсыбеков азық-түлік бағаларының негізсіз өсіміне жол бермеуді тапсырды

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков азық түлік бағаларының негізсіз өсіміне жол бермеуді тапсырды, деп хабарлайды елорданың ресми сайтына сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары.

Доллар көтерілген сайын елордадағы азы-түлік бағасы да шарықтап бара жатқанын тұрғындар жарыса жазуда. Мәселен әлеуметтік желілерде тұрғындар "Алтын қиярдың" бағасын көріп, таңданыстарын жасыра алмауда.

Астана қаласы Статистика департаментінің мәліметінше, соңғы бес айда 33 позицияның жетеуі бойынша бағаның айтарлықтай көтерілгені (10% артық) байқалды, соның ішінде қант, өсімдік майы, жұмысртқа, сүт және т.б. қымбаттаған. Аталған өнімдер бойынша шекті мәндердің шамадан тыс арттырылғаны тіркелген.

"Бағалардың өсуінің объективті себептерінен басқа, азық-түлік тауарларының бағасын келісіп қою және негізсіз көтеру фактілері де анықталады. Осы сияқты жағдайларға жол бермеу мақсатында Ауыл шаруашылығы және Кәсіпкерлік басқармаларына Статистика департаментімен және монополияға қарсы ведомствомен, сондай-ақ, басқа да мүдделі органдармен іс-әрекеттерді үйлестіру және нарықтағы жағдайға жүйелі мониторинг жүргізу тапсырылды", — делінген хабарламада.

Сонымен қатар қала әкімі Әділбек Жақсыбеков бағаны негізсіз көтергендер жазасыз қалмайтынын да ескерткен.

"Бұл жұмыс практикалық сипатта жүргізілсін, бағаны негізсіз көтерудің әрбір жағдайына жауап беру керек", — деді елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1009618-zhaqsybekov-azyq-tulik-baghalarynynh-ne.html