RU

Алматыда бір топ жігіт жолдың қақ ортасында көлік жүргізушісін сабап тастады

Алматының Сейфулин мен Жансүгіров көшелерінің қиылысында жолға таласқан жүргізушілердің өзара төбелескен видеосы ғаламторда жарияланды деп жазады Қазақпарат.

Жанжал артта келе жатқан көліктің видеотіркеуішіне түсіп қалған.

Видео авторының айтуынша, артқы көліктен түскен 4 жігіт өзге көліктегі екі жігітті жерге құлатып алып, соққыға жыққан. Олардың бірі сол жерде ес-түссіз қалған.

Қалалық ІІД болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Жетісу аудандық ІІБ басшысы Рамиль Түсіповтың айтуынша, бұл оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 293 бабының 2 бөлімімен (бұзақылық) тергеу жүріп жатыр.

Қазіргі таңда оқиғаға қатысты төрт жігіт ұсталған.

«Бұл қылмыс туралы әлеуметтік желілерден білдік. «102» нөміріне ешқандай арыз келмеді. Анықталғандай, екі көлік біріне-бірі жол бермеген. Оның арты төбелеске ұласып, салдарынан бір адам қатты соққыға жығылған. Қазір жапа шеккен адам арызданды», - деді Жетісу аудандық ІІБ басшысы Рамиль Түсіпов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1009760-almatyda-bir-top-zhigit-zholdynh-qaq-orta.html