RU

Өзбекстан азаматы терроризм үшін АҚШ-та 25 жылға сотталды

Өзбекстан азаматы Фазлиддин Қурбанов террорлық ұйымға қолдау көрсеткені және жарылғыш заттарды сақтағаны үшін АҚШ-тың Айдахо штаты федералды сотының үкімімен 25 жылға сотталды деп жазады ras.kz.

«Фазлиддин Қурбанов «Өзбекстан ислам қозғалысы» ұйымына материалдық қолдау көрсетуге келісім беріп, әрекет жасағаны және АҚШ территориясында теракт жасау мақсатында бомбаларды жинастыратын материалдар сатып алғаны үшін сотталды», – деп мәлімдеді АҚШ бас прокурорының ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джон Карлин.

АҚШ соты жасы 33-тегі Қурбановты 2015 жылғы тамызда айыпты деп тапты. Ол кесімді мерзімін өтеп болғаннан кейін отанына қайтарылады, деп атап көрсетті АҚШ әділет министрлігінің өкілі. Прокурорлар оның кесімді мерзіміне қанағаттанғандықтарын білдірді.

Қурбанов 2013 жылғы мамыр айында ұсталды. Бұған оның электронды пошта және Skype арқылы бірқатар елдерде, соның ішінде Өзбекстан мен АҚШ-та экстремистік топ деп танылған «Өзбекстан ислам қозғалысының» өкілдерімен байланысқа шығып, хат жазысқаны себеп болды. ФБР-дің дерегі бойынша, ол аталған ұйым өкілдерімен болған пікірлесу барысында өзінің АҚШ-қа жаулық көзқараста екенін, сондықтан қолдан бомба жинау ниеті бар екенін, оның нысанасы АҚШ-тың Айдоха және Техас штаттары болатынын білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1009812-ozbekstan-azamaty-terrorizm-ushin-aqsh.html