RU

Испанияда ерлі-зайыптылар ұлдарының мәйітімен бірге 2 ай бойы өмір сүрген

Испанияда сұмдық оқиға тіркелді, деп жазады Haber7.com.-ге сілтеме жасап 24.kz.

АҚШ-тың Детройт штатынан Испанияның солтүстік-шығысындағы Жирона қаласына көшіп келген Брюс және Шрель Хопкинс есімді ерлі-зайыптылар көз жұмған ұлдары – Калебтің мәйітін 2 ай бойы үйде сақтаған. Полиция бөлімшесінде олар ұлдарының демікпе дертінен шамамен 2 ай бұрын қайтыс болғанын айтты.

Калебтің жансыз денесін Хопкинстер әулетіне үйін жалға берген адам көріп, полицияға хабарласқан. Кейін баланың денесі мәйітханаға жеткізілді. Қазір ерлі-зайыптыларға қарсы қылмыстық іс қозғалды. Олар ұлдарының демікпе ауруымен ауыратындығын біле тұра, оны емдетпеген және дер кезінде көмек көрсетпеген деген айып тағылып отыр.

Ал ерлі-зайыптылардың өздері ұлдарының жансыз денесін көріп, оны құтқару үшін жүрегіне массаж жасап, жасанды дем алдыру әрекеттерін жасағандарын айтып ақталуда. Қазір олардың 12 және 14 жастағы екі баласын мемлекет өз қарауына алды.

«Олар бұл қайғылы оқиғадан кейін шындықтан жасырынып, ұлдарының мәйітінің қасында күнделікті өмірлерін жалғастыра берген. Олар ұлдарының өлімін мойындамаған», - дейді ерлі-зайыптылардың адвокаты Энрике Барата.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1009898-ispaniyada-erli-zayyptylar-uldarynynh.html