RU

Кәсіпкерлер қауымдастығының басшысы: Біз тәуелсіздік үшін күрескен емеспіз

Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының басшысы Талғат Ақуов Жаңа жыл қарсаңында теңгеден бас тартып, Ресей, Белоруссия, Армения және Қырғызстанмен бірге ортақ валюта - рубльге өтуді ұсынған болатын. Оның бұл ұсынысы елді дүрліктіргеннен кейін "Время" басылымының тілшілері Ақуовтың өмірі қаншалықты өзгергенін біліп қайтты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Оны осы ұсынысынан кейін патриоттығы жоқ, сатқын деп санайтындардың қатары көбейген. Алайда Ақуовтың бұған өз айтары бар болып шықты.

"Мені бұл айыптаулармен келіспеймін. Өзімді қашан да еліміздің патриоты санап келдім. Қазақстанда туып, өстім. Мені сынап жатқандардан гөрі өзімнің патриоттығымды сөзбен емес, іспен дәлелдейтін адаммын", - деп назын жеткізген Ақуов, елі үшін өз қаражатына қазақ гимназиясын ашып, замануи демалыс үйінің негізін қалағанын алға тартты.

Қауымдастық басшысы КСРО кезінен жылы естеліктері қалғанында тұрған дәнеңе жоқ деп санайтынын жасырмады.

"Біздің 22 жыл бұрын 1993 жылы бірінші болып қолымызға теңге алғандағы қуанышымызды ұмыту мүмкін емес. Дегенмен сол уақытта көптеген азаматтар үшін КСРО атты ұлан-ғайыр елдің нышаны болған кеңестік рубльді де ұмытқан емеспіз. Тарихшылардың кейбірі кеңестік кезеңді қазақ халқының геноциді деп атайтын да шығар. Ал мен болсам, әлі күнге дейін КСРО-да халқымыздың жағдайы жақсырақ болған деп санаймын. Халық әлдеқайда тату әрі адал өмір сүретін, кітап оқып, білімін шыңдайтын. Халықта жылы естілектер қалғанында тұрған не бар?", - деп сауал тастады ол.

Ақуов еліміз тәуелсіздік үшін күреспеді, тек үш саясаткердің келісімге келуінің арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік деген пікріде.

"Еске түсірсек, біз тәуелсіздік үшін күрескен емеспіз. Ол бізге тек үш саясаткер - Ресей, Белоруссия және Украина президентінің келісімшартқа қол қоюының арқасында ғана келді. Үш мемлекет басшылары 1991 жылдың желтоқсанында Кеңес Одағын ыдырату туралы келісімге келді. Осы орайда, Қазақстан тәуелсіздік алған елдер арасында соңғы болып ұлттық валютасын енгізгеніне назар аударайық. 1992-93 жылдары елде инфляция шарықтап кеткен еді. Жалақы, зейнетақыны төлейтін қаражат болмағасын, Нұрсұлтан Назарбаев бар жауапкершілікті өз мойнына алып, ұлттық валютаны енгізді", - деп тарихты қопарды Ақуов.

Қауымдастық басшысы қазіргі жағдайдың көңіл көншітерлік еместігін ескертті.

"Қазір не болып жатқанын қараңыздар. Теңге айналдырған 5 айдың ішінде 85,2 пайызға құлдырады, белоруссиялық валюта жыл ішінде 54,3 пайзға, ал гривна 48,7 пайызға арзандады. Бұл құрғақ статитсика ғана. Осылай жалғаса беретін болса, ел экономикасы құриды", - деп жалғастырды ол.

Ақуов ортақ валютаның маңыздылығына баса назар аудартты.

"Өз өнеркәсібімізді дамытуда ортақ валюта маңызды орын алатынына сенімдімін. Қиын жағдайдан шығудың бірден бір жолы - ортақ валюта. Соның арқасында экономикалық одақ ішіндегі сауда жанданатын болады", - дейді қауымдастық басшысы.

Осы орайда Ақуов өз ұсынысын халықтың дұрыс түсінбегенін алға тартты.

"Менің ұсынысымды дұрыс түсінбеген сияқты. Мен рубльді емес, рубль секілді ЕАЭО елдерінің аясындағы ортақ ұлттық валюта құру керек деп ұсынған едім. Купюрада Еуропа мен Азияның нышандары салынуы керек. Бәлкім рубльде бүкіл 5 елдің атрибутикасын салған дұрыс болар. Ортақ валюта бізді кәсіпорындардың қарқынды дамуына септік болады. Не болмаса, біз бәрін сол күйі қалдырып, әрі қарай мұнай бағасының арзандауын зардап шеге беретін боламыз", - деп түйіндеді ол.

"Время" басылымының рұқсатынсыз ақпаратты көшіріп, пайдалануға болмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1010120-kasipkerler-qauymdastyghynynh-basshysy.html