RU

Атақты түрік актері сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады (фото)

Белгілі түрік актері Кенан Имирзалыоғлы сүйіктісі Cинем Кобалға үйлену ұсынысын жасады деп хабарлайды 24.kz.

Hurriyet.com-ның хабарлауынша, Кенан Имирзалыоғлы үйлену ұсынысын Жаңа жыл кешінде жасаған. Сценарист әрі актриса Синем Кобал да бұл ұсынысты қабыл алыпты. Романтикалық ұсыныстан кейін ғашықтар Африка сапарына аттанды. Демылыстан келген соң Имирзалыоғлы Синем Кобалға құда түспек.

Айта кетейік, бұл екі жұлдызды актер қазақстандық көрермендерге таныс. Кенан Имирзалыоғлы ең алғаш рет «Асау жүрек» («Deli Yürek») телехикаясында Юсуф Мироғлы рөлімен қазақстандықтардың көңілінен орын алса, Синем Кобал «Сырлы Ыстамбұл» («Küçük Sırlar») атты телехикаядағы Су Мабенджи рөлімен белгілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1010171-ataqty-turik-akteri-suyiktisine-uyle.html