RU

Қарағандыда әйелдерге ВИЧ сырқатын қасақана жұқтырып келген таксишіге қатысты жанжал жалғасын тапты

Қарағандыда төсектес болған келіншектеріне қасақана ВИЧ сырқатын жұқтырып келген деп айыпталған таксишінің жанжалы жалғасын тапты. Облыстық ЖҚТБ орталығының дәрігерлері оның кінәсіздігіне сенбейді. Бұған дейін сотталушы барлық әйелдердің сырқатын біле тұра онымен төсектес болғанын алға тартқан. Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Қарағандылық ЖҚТБ орталығының дәрігерлері айыпталушыға бірталай шағымдары барын айтуда. Сот жабық түрде өтіп, онда қорғанушы тарап, таксишінің әйелдерге өз сырқаты туралы ескерткенін алға тартып отыр.

"Менің қорғалушым олардың қорғану құралдарынсыз жыныстық қатынасқа түсуге қарсы болмағанын айтуда", - дейді адвокат Алексей Кочкаров.

Алайда дәрігерлер кемінде бір әйел оның науқас екенін білмегеніне сенімді.

"Ол бұдан бейхабар болғанын айтып, жылап жіберді. "Мен бұл туралы білмедім" деп отыр", - дейді Қарағанды облысы ЖҚТБ орталығының эпидемиологиялық бөлім басшысы Қаламқас Баймұқанова.

Ер кісі есірткіге тәуелді болған кезінде АҚТҚ сырқатын жұқтырған. Екі жыл ішінде таксиші өзінен әлдеқайда жас үш әйелмен қарым-қатынас орнатып, бірге тұрған. Олардың бірімен де заңды некеге тұрмаса да, мұсылмандық дәстүрге сай неке қиюдан бас тартпаған.

Таксишінің кінәсі дәлелденсе, ол кемінде 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1010231-qaraghandyda-ayelderge-aqtq-syrqatyn.html