RU

Бүркіт ұлына Мақпал Жүнісованың қанша көрімдік бергенін айтты

Әнші Бүркіттің екінші рет ұлды болған қуанышына Мақпал Жүнісова әртіске 1000 доллар көрімдік ұстатты. Басында көлемді сыйдан бас тартқан Бүркіт кейіннен әншінің қолын қайтармай, алғысын білдірді.

"Бүгін жомарт Мақпал әпкеміз біздің отбасымызға "балаңнің бауы берік болсын, сүйінші" деп 1000 доллар берді. Алмаймын, қойыңызшы десем, Мақпал әпкем "Ол саған емес, Аиша мен ұлына" деді. Аллах разы болсын сізге! Жүз жасаңыз", - дейді Бүркіт.

Бүркіт те өз тарапынан Мақпал Жүнісованың туған күніне орай, әріптес әпкесіне сыйлықтарын жеткізген. Күміс пен алтыннан сый жасаған әнші Мақпалдай қазақтың ерке қызына жүз жасауын тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1010259-burkit-ulyna-maqpal-zhunisovanynh-qansh.html